Бүгін «ЭКСПО» алаңында Оңтүстік Шығыс Азия елінің «Malaysia Debt Ventures» компаниясы мен «Астана халықаралық қаржы орталығы» екі жақты келісімшарт бекітті. Оған сәйкес, қос тарап «жасыл» технологияға көшу аясында бірлескен жобаларды іске асырып, салада тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастырады.
Сондай-ақ, баламалы энергия алу жолында ізденетін азаматтарға қаржылай қолдау көрсетеді.
Айдана ҮСЕНБАЙ