2019-nCoV коронавирусы: Бір тәулікте 97 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019-nCoV коронавирусы: Бір тәулікте 97 адам қайтыс болды

12.02.2020
2019-nCoV коронавирусы: Бір тәулікте 97 адам қайтыс болды

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 44,6 мыңға жетті, оның 8204-і ауыр халде жатыр. 1113 адам қайтыс болған. 4740 науқас емделіп шыққан. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитет жариялады.

Гонконгте 49 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Макаода 10 адам, Тайванда 18 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. 

Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған 185 мың адам дәрігерлер бақылауында. 

Айта кетейік, соңғы бір тәуліктің ішінде 2015 адам вирус жұқтырған, 97 адам мерт болған. 744 науқас ауруханадан шығарылған.

Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа COVID-2019 ресми атауын берді. Ұйым өкілдері СО - коронавирус, VI - вирус және D - ауруды білдіретінін айтты. 

ria.ru Фото: REUTERS / Tyrone Siu

Хабарламаларға жазылу