Ұлы Абайдың үздік шығармалары Сербия жұртшылығының назарына ұсынылды. Хакімнің 175 жылдық мерейтойына орай Белградта «Түркі әлемінің опера жұлдыздары» атты концерт өтті. Шараны ТҮРКСОЙ ұйымы мен Түркия, Әзірбайжан мен Қазақстанның Сербиядағы елшіліктері бірігіп ұйымдастырды.
Кеште еліміздің опера жұлдыздары Жұпар Ғабдуллина мен Талғат Күзенбаев «Абай» операсынан үзінділер орындады. Абайдың мұрасы, қазақ музыкасы Белград жұртын тамсантты.
Нұрсұлу Қасым