Шымкент қаласында биыл халықаралық деңгейдегі 34 іс-шара ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында биыл халықаралық деңгейдегі 34 іс-шара ұйымдастырылады

12.02.2020

ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иеленген Шымкент қаласында биыл халықаралық деңгейдегі 34 іс-шара ұйымдастырылады. Жылдың салтанатты ашылу рәсімі жыл басы әз-Наурыз мерекесінде өткізілмек. Бүгін Шымкент қаласына арнайы іс сапармен барған Үкімет басшысы Асқар Мамин шаһардың мәдени шараға дайындығын пысықтады. Сондай-ақ мегаполистің көлік және тұрғын үй құрылысы, коммуналдық жүйелерді дамытуға байланысты атқарылатын жұмыстар жайымен танысты.

Шымкент қаласын дамытудың кешенді жоспарына сай алдағы 4 жылда шаһарды ауыз су, кәріз жүйесі, электр және табиғи газбен қамтуға байланысты ауқымды жұмыстар істеледі. Қала әкімдігінде өтккен кеңес барысында Премьер-Министр осы жұмыстардың тізбесі, атқарылу мерзімі мен оған жұмсалатын қаржы жайына байланысты жергілікті биліктің ұсыныстарын тыңдады. Құзырлы министрліктерге инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселесін екі аптаның ішінде шешуді тапсырды. Сондай-ақ үкіметтің «Шымкентсити» арнайы экономикалық жобасын қолдайтынын жеткізді.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу