Елордадағы көпқабатты үйде өрт шығып, 1 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы көпқабатты үйде өрт шығып, 1 адам мерт болды

12.02.2020

Елордада көпқабатты үйде пәтер өртеніп, тұрғындар зардап шекті. Өрт сөндіру кезінде баспалдақ пен құтқару маскасы арқылы 20 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды. Төтенше жағдайдың себебі әзірге белгісіз. Болжам бойынша, тілсіз жау газ жүйесінің істен шығуына байланысты тұтанған. Оқиға орнынан толығырақ әріптесім Фариза Мұсақызы баяндасын.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу