Темекі жарнамасына тиым салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темекі жарнамасына тиым салынуы мүмкін

12.02.2020

Елімізде темекі өнімдерінің жарнамасына шектеу қою керек. Бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында депутаттар осы мәселені көтерді. Қазір кез келген дүкенде кассаның түбінде, көзге көрнекті жерлерге темекі қойылады. Оның үстіне өндіруші компания кез келген жерге өнімінің жарнамасын іле алады. Осыған тоқтау салса, темекі түтініне тәуелділердің саны азаятынын айтады депутаттар. Халықаралық статистика да осыны көрсетіп отыр. Жарнамаға тыйым салған елдерде темекі шегетіндердің саны 23,5 пайызға азайған. Бұдан бөлек, коммунистік партия өкілдері электронды темекілердің статусын дәстүрлі шылымдармен теңестіру керек екенін айтады. Депутаттардың айтуынша, түрлі елдердің ғалымдары ол темекілердің зиянын да дәлелдеген. Ал жастар арасында кеңінен таралып жатқан электронды темекіні импорттау тым оңай көрінеді.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу