Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын қабылдады. Кездесу барысында Жансейіт Түймебаев Үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдардың тұрғындарымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша Президентке мәлімет берді. Кейін Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдау үшін бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ Жамбыл облысындағы дүнген қауымының жергілікті қазақ қауымдастығымен араласуына, қазақ тілін үйренуіне, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына қатысты мәселелерге баса мән берілді.