Биыл Павлодар облысында осыған дейін тұрғындардың қалтасы көтермей келген қымбат операциялар екі есе көп жасалды. Бұл - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін енгізгеннен кейінгі нәтиже.
Мәселен, Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың офтальмология бөлімшесінің жұмысы ширады. Көздің бұлдырауы, қайталама катарактаны емдейтін лазерлік операция жиі жасалып жатыр. Ал тізе және жамбас сүйегін протездеу үшін науқас үш жылға дейін кезек күтетін. Мамандар жыл басынан бері 50 адамға операция жасап үлгерді.
Болат Аманбаев