Бұдан былай мемлекет өңдеуші салада жұмыс істейтін кәсіпкерлерге несиелерін өтеуге көмектеспек. Елімізде «Өңдеуші саладағы кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау картасы» түзілді. Шаруалар үшін құнды құжатты бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов таныстырды.
Бағдарлама бойынша, нақты 9 бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі. Оның ішінде 400-ден астам сүт, ет, қант қызылшасы, тері мен жүн өңдеу кәсіпорны бар. Мемлекет бұл салада шаруаларға берілетін несиенің 10%-ын өзі өтемек. Одан бөлек, бизнесмендерге өндіріс орындарын жаңартып, қажет болған жағдайда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолғабыс етпек.
Айдана ҮСЕНБАЙ