Із-түзсіз жоғалған 3 оқушының денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Із-түзсіз жоғалған 3 оқушының денесі табылды

13.02.2020

Алматыда із-түзсіз жоғалған 3 оқушының денесі бүгін табылды. Олар қараусыз қалған су қоймасына батып кеткен. Денис Мельников, Вадим Сизов және Сабыр Дүйсеғалиев есімді 7-сынып оқушылары кеше түскі уақытта мектепке кеткеннен үйлеріне оралмаған. Олардың сабаққа қатыспағанын кешкі 8-дер шамасында естіген ата-аналар, волонтерлар мен құтқарушылар таңға дейін іздеу жұмыстарын жүргізген.

Кәріз суы жиналған көлшік Теректі елді мекеніндегі 184-ші мектептен 1 шақырым қашықтықта орналасқан. Яғни, бұл маңмен күнде жүріп өтетін оқушылар жетерлік.

Алатау ауданы әкімінің сөзінше, 13 жарым гектар жер телімі жекеменшікке тиесілі. Мұнда 90-шы жылдары табиғи жолмен бірнеше көлшік пайда болып, оған кәріз суы жиналған. Қазір маңайы қоршалмақ түгілі, ескерту белгілері де қойылмаған. Ал әкімдік өкілдері мүлік иесіне тіпті ескерту бермеген. Дегенмен, олар зерттеу қорытындысына сәйкес тиісті шараларды қолєа алатынын айтты.

Жыл басынан бері елде 6 бала су қоймаларына батып кеткен. Қайғылы оқиғалар Атырау облысы және Алматы қаласында орны алған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу