Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерінің экологилық жобаларына қаржылай көмек көрсетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерінің экологилық жобаларына қаржылай көмек көрсетпек

13.02.2020

Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларына қаржылай көмек көрсетіп, тың тәжірибесімен бөлісуге дайын. Бұл туралы Одақ өкілдері Брюссельдегі басқосуда мәлімдеді. Бельгия астанасында қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі Еуроодақ пен Орталық Азия жұмыс тобының 9-отырысы өтіп жатыр. Тараптар жасыл энергияны дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану және экологиялық проблемаларды жұмыла шешу жайын қаузады.   

Еуроодақты Орталық Азиядағы кеңес дәуірінен қалған уранның қалдық қоймалары да алаңдатып отыр. Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда орналасқан 7 қойма-экологиялық, аймақтық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұрғанын айтады мамандар. Оларды тазартып, топырақ құнарлығын қайта қалпына келтіруге Еуроодақ 35 миллион еуро бөлді. Донор елдерден тағы 50 миллион еуро қажет. Екі күндік басқосуда тараптар экологиялық жобаларға инвестиция тарту жолдарын қарастырып, өзара тәжірибе алмасады.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу