Әбілқайыр Сқақов: Біздің Instagram селфи алаңы емес, шағым жәшігіне ұқсайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбілқайыр Сқақов: Біздің Instagram селфи алаңы емес, шағым жәшігіне ұқсайды

14.02.2020
Әбілқайыр Сқақов: Біздің Instagram селфи алаңы емес, шағым жәшігіне ұқсайды

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов халық алдында есеп берді. 10 күн ішінде облыс әкіміне 5 мыңнан астам адам арыз-шағыммен жүгінген. Олардың көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты.

«Әлеуметтік желідегі парақшаларымды ашқан кезде коммуналдық қызметтің парақшасын ашқандай сезінемін. Облыс тұрғындары маған лас қардың, пәтерлердің су басып жатқаны, тоқтан ұшқын шыққан розеткалардың суреттері мен видеоларын жібереді. Әдейі есептеп көрдім: 1 минутта коммуналдық қызметтерге қатысты 2 шағым келіп түседі. Яғни, сағатына 120 арыз-шағым. Бұл - тек менің жеке парақшама келгені. Басқа да әкімдер мен мекемелердің блогы бар. Шетелде Instagram селфи, әдемілік туралы кеңестер алаңы болса, бізде шағым жәшігіне ұқсайды», - деді ол. 

Осыған орай облыс әкімі өңірдің тұрғын үй-коммуналдық жағдайын бақылап отыратын ахуалдық-сараптамалық орталық ашуды тапсырды.



Хабарламаларға жазылу