Салық саласындағы өзгерістер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салық саласындағы өзгерістер талқыланды

14.02.2020

Алматыда салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелеріне арналған алқалы жиын өтті. 

Шара аясында Жоғарғы Сот, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің, қалалық, облыстық соттардың судьялары, және мемлекеттік органдардың өкілдері мен салық төлеушілер қордаланған мәселелерге жеке-жеке тоқталды.

Сонымен қатар, камералдық бақылау кезінде салық заңнамасының нормаларын қолдану, тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері мен тәртібі сынды бірқатар өзекті мәселе де назардан тыс қалмады.

Бауыржан Жақсымбет  

Хабарламаларға жазылу