Бұл хаттама шығарылған өнім немесе ет өнімдерін сақтап, таңбалап және сататын кәсіпорындармен ветеринарлық-санитарлық талаптардың орындалуына бағытталған. Қазақстандық қой еті үшін Иран нарығының ашылуы қазақ тауарының мұнан әрі Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Израиль, Араб Әмірлігі елдерінің құзырлы орындарымен де стандарттарды үйлестіру туралы келісімдер жасалып жатыр.
Елдос САПАРҒАЛИ