Қазақстанда тұратын халықтың ұлтаралық байланыс тілі қазақ тілі болуы қажет. Бұл мәселе Еуразиялық интеграция институтында талқыланды. Жиынға Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Олар кеңес отырыстары өңірлерде де өтуі тиіс деген ойды ортаға салып, халық пен биілік арасын біршама жақындату қажеттілігін айтты. Бүгінде Ұлттық кеңестің құрылғанына 6 ай. Жартыжылдық жұмысын қорытындылаған ұйым алдағы уақытта да мемлекет пен халық арасындағы платформаға айналу үшін еңбек етуге дайын екенін жеткізді.