![Елордада соғыс ардагерлеріне 850 мың теңгеден беріледі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/17/1581945116297.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жеңіс күні қарсаңында елордалық соғыс ардагерлеріне 850 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санатына қосымша әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы жобада көрсетілген.
Жоба бойынша ардагерлерге мынадай әлеуметтік көмек көрсетіледі:
• 850 000 теңге көлеміндегі біржолғы ақшалай төлем беріледі;
• Біркелкі формамен қамтамасыз етіледі (киімнің толық жиынтығы: сұр костюм, сұр пальто, берет және көк түсті галстук, ақ көйлек, қара аяқ киім);
• ТМД елдері ішінде және Қазақстан аумағында теміржол және әуе көлігімен тегін жүреді.
Соғыс ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен бөлінеді.
Айта кетейік, Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге төленетін біржолғы көмектің мөлшері әр аймақта әртүрлі болмақ. Мәселен, Қарағанды мен Павлодар облысындағы ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада соғыс ардагерлеріне 850 мың теңгеден беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/123147/)