Жапонияда карантинде тұрған круиздік лайнердегі қазақстандық азаматтардың денсаулығы жақсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда карантинде тұрған круиздік лайнердегі қазақстандық азаматтардың денсаулығы жақсы

17.02.2020

Карантинде тұрған круиздік лайнердегі қазақстандық азаматтардың денсаулығы жақсы. Күн сайын мәлімет алынып отыр. Алаңдайтын ештеңе жоқ екенін айтты бүгін еліміздің жетекші инфекционисі Динагүл Баешева. Ал оларды эвакуациялау мәселесі карантиндік уақыт біткен соң белгілі болады.

Жапония жағалауында тұрған круиздік лайнердегі Қазақстан азаматтарының денсаулығы жақсы. Төртеуі де ересек адам. Дене қызуының көтерілуі, мазасыздық, аурудың басқа да белгілері әзірге байқалған жоқ. Денсаулық министрлігі күн сайын мәлімет алып отыр. Оқшаулау мерзімі бірер күнде аяқталады, сараптама алынады. Содан кейін ғана оларды елге қайтару мәселесі белгілі болады.

Уханннан эвакуацияланған студенттер Қытайда 10 күн, елге келген соң 14 күн оқшауланды. Сараптама қорытындысы теріс нәтиже беріп, олар кеше ауруханадан шығарылды. Қазір жағдайлары қалыпты.

Қазақстандық дәрігерлер, карантиндік мерзімді 24 күнге дейін созуға кеңес береді. Сондықтан Қытайдан келген әрбір адам 24 күн бойы дәрігердің бақылауында болуы керек.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу