Павлодарда «Тіл волонтеры» орталығы ашылды. Мемлекеттік тілді үйретуге арналған тың жобаның авторы — Шолпан Кинжикова. Ұлағатты ұстаз тегін курстар өткізумен қатар қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жоралғыларды да үйретеді. Ең бастысы орталыққа келушілер қатары күн санап арта түскен.
Бастапқыда 5-6 адам еді. Қазір аудиторияға сыймайды. Тіпті, волонтерларды үш ауысыммен дайындап жатыр. Мемлекеттік тілді насихаттап, қолданыс аясын кеңейтуге зейнеткерлер, түрлі сала қызметкерлері, студенттер бір кісідей жұмылған.
Болат АМАНБАЕВ