Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағы іске қосылғаннан бері 74 млрд. теңге инвестиция тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағы іске қосылғаннан бері 74 млрд. теңге инвестиция тартылды

16.08.2017

Бұл туралы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткен Маңғыстау облысының инвестициялық форумында айтылды. Экономикалық аймақтың арқасында 231 млрд. теңгенің өнімі өндіріліпті. Ал, қазынаға түскен салық 19 млрд. теңгеге жетті. «Мұнай-газ саласында минералды шикізат ресуртарымен бірге шетелдік инвесторлармен  ілкімді жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз»,- деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов. Облыста жылына 18 миллион тоннадан астам мұнай өндіріледі. Алда ауқымды газ өндіру орны іске қосылады. Сондықтан, инвесторларды белсенді жұмыс істеуге шақырды.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу