Өткен жұма күні таксист әйелдің тағдыры жайлы сюжет берген болатынбыз. Естеріңізде болса, 7 баланың анасы Айзат Асылбекқызы жолаушыларды тасып, жан бағып жүргенін айтқан едік. Осы материалдан кейін кейіпкеріміздің өмірі күрт өзгерген. Көпбалалы отбасы 2 жыл бұрын үй кезегіне тұрған. Күні кеше қалалық әкімдік хабарласып, шамамен 5-6 алты айда баспаналы болатындарын жеткізген. Әрі балаларды бала-бақшаға орналастыру мәселесі де реттелді. Халықтың қаржылай қолдауының арқасында, отбасының екі несиесі жабылды. Атаулы әлеуметтік көмек алуға да қазір құжат жинау үстінде. Ең басты жағымды жаңалығы балалардың әкесі кешірім сұрап жанұясына оралды.
Ұлттық арна ұжымы дәл осындай жағдайға себепші болғанына қуанады. Көп балалы отбасының баспаналы болу мәселесі алдағы уақытта да біздің бақылауымызда болады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ