Туризм саласында салық жеңілдіктері берілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризм саласында салық жеңілдіктері берілуі мүмкін

20.02.2020

Туризм саласында жұмыс істейтін компанияларға кедендік және салық жеңілдіктері берілуі мүмкін. Бұл туралы мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин туризм саласын елдегі экономикалық өсімнің негізгі драйверіне айналдыру керек деді. 

Қазір Үкімет ұсынып отырған заң жобасында саланы дамытудың нақты жолдары көрсетілмеген. 

Бүгінгі жиында туристік қауымдастық өкілдері, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың ұсыныстары тыңдалды.Депутаттар жаңа заң жобасына толықтырулар енгізуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу