Шетпе елді мекенінің тұрғындары газ толтыру станциясын салуға қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетпе елді мекенінің тұрғындары газ толтыру станциясын салуға қарсы

20.02.2020

Маңғыстауда Шетпе елді мекенінің тұрғындары газ толтыру станциясын салуға үзілді-кесілді қарсы. Өйткені ауылдан таяқ тастам жерде орналасқан нысан қараша халықтың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан құрылысты дереу тоқтатуды талап етіп отыр. Мәселеге жергілікті билік араласты. Енді құрылыстың заңдылығы тексеріледі. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу