Қазақстан шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын

29.08.2017

Бұл туралы бүгін «Қазақ Инвест» басқармасының жетекшілері дипломаттармен кездесу барысында мәлімдеді. Еліміздегі шетелдік миссиялардың өкілдеріне инвесторларға жасалатын жеңілдіктер жөнінде мәлімет берілді. Қазақ жеріне қаржы құйғысы келетіндерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, бір терезе қағидаты бойынша қызмет беріледі. Сондай-ақ, «Қазақ инвест» өкілдері инвесторларға ең қолайлы әрі тиімді салаларды атады. Ұлттық компания инвесторларға кез келген жерде қызмет көрсетуге дайын. Өйткені олардың еліміздің барлық аймақтары мен шет мемлекеттерде өкілдіктері бар. 

Хабарламаларға жазылу