Павлодарда қоғамдық ұйымдар мен бірлестік өкілдері «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын талқылады. 21 баптан тұратын құжатта елде бейбіт шеру, митинг, пикет және түрлі жиындарды өткізудің тәртібінен өзге, бейбіт жиынға қатысушы барлық тараптың құқықтары нақтыланған. Митинг өткізетін арнайы орындарды айқындау кезінде, жергілікті атқарушы органдар азаматтардың сол жерге жете алуын, көлік мүмкіндіктері мен инфрақұрылымды ескеретіні жобада көрсетілген. Ал қолданыстағы заңда бұл жәйттер айтылмаған.
Болат АМАНБАЙ