Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды

21.02.2020
Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды

Түркістан облысында әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Сарбазды ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы ұстаған.

«ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қару ұрлап, әскери бөлімнен қашып кеткен 1995 жылғы Абылай Балғынбайды ұстады. Қаруды ұрлауға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.


Хабарламаларға жазылу