Ресей биыл қарашада АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға араласуы ықтимал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей биыл қарашада АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға араласуы ықтимал

21.02.2020

Ондағы мақсаты – Дональд Трампты билікке қайта әкелу. Америкалық үш барлаушы конгрессмендерге осылай деп ескерткен. Мәскеудің дауыс беру процесіне килігуі мүмкін екенін «New york times», «Washington post» газеттері де хабарлады. Олардың мәліметінше, барлаушылар қауымдастығы Ресейдің астыртын әрекеттері туралы деректерді ақпанның 13-де жабық брифингте жария еткен. Кремль 2016 жылы Құрама Штаттарда өткен сайлауда жалған жаңалық таратып, кибер шабуыл ұйымдастырды деген болжамдарды үнемі жоққа шығарып келеді.

Трамптың өзі болса, америкалық саясаткерлерден ерекшеленіп, Ресеймен мәмілеге дайын екенін талай рет айтты. Ол президент Владимир Путин жайлы жағымды пікірін білдіріп, НАТО-ның қажеттілігіне күмән келтірді. Қырымды Ресейдің территориясы деп мойындаған сыңай танытты.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу