Елге тартылған шетелдік инвестициялар көлемі 25 миллиард долларға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге тартылған шетелдік инвестициялар көлемі 25 миллиард долларға өскен

21.02.2020

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады. Жиында салық салудың шетелдік тәжірибесі мен оның қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастырудағы және экономикалық бәсекелестікті дамытудағы рөлі талқыланды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,5%-ға өскен. Өсім негізінен құрылыс, сауда, көлік, өңдеу өнеркәсібі есебінен қамтамасыз етілді. Елге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 25 миллиард долларға ұлғайған.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу