Еліктер Елорданы неге кезіп жүр? Жануардың қақ ортасында жөнкіп бара жатқан жануарды көрген жұрттың ойына бірден осы сауал келгені рас. Себебі бұл соңғы бір ай ішінде болған екінші оқиға екен. Өте сақ жануарды қалаға келуге мәжбүрлеген не?
Яғни бұл таң қалатындай оқиға емес екенін айтады тиісті комитет өкілі. Өйткені бас қаланың айналасы сайын дала және қоршаған жасыл белдеу. Қалаға келуінің екі себебі бар деп болжайды. Бірі — алдыңғы ақ түтек боранда адасты немесе қорек іздеп келген.
Еліктің жиі қала кезуін эколог қажеттіліктен деп есептейді. Жануар жемін тұяғымен тарпып жейді. Бірақ қалың қар қорегін басып қалған. Сол себепті оларды қауіптен қорғау үшін мекендейтін жеріне шөбін әзірлеп беру керек.
Сөйтіп мүйізінен айырылған мына елік әзірге бақылауда болады. Қалыпқа келген жағдайда табиғи ортасына жіберілмек.
Нысаналы ЫҒЫЛ