Қордайдағы оқиға бойынша 100-ге жуық қылмыстық іс қозғалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордайдағы оқиға бойынша 100-ге жуық қылмыстық іс қозғалған

23.02.2020

Қордайдағы оқиғадан кейін Жамбыл облысына әкім болған Бердібек Сапарбаев есеп беру кездесуін ұйымдастырған. Әрине, енді тағайындалған әкімнің атқарылған немесе істелмеген шаруаға қатысы шамалы, дегенмен сабақтастыққа сай, жоспарланған шараға қатысады. Әрі Қордай оқиғасынан кейін облыс жұртымен, дәлірегі әр саланың өкілдерімен тезірек, әрі көзбе-көз кездесу міндет екені одан сайын көрінді.

Кездесу өткен «Көне Тараз» тарихи-этно мәдени кешенінің «Көрме» павилонының кең залы адамға лық толған. Бұл зәулім сарайда ұлттардың құрама концерттері өткен шығар. Бірақ құрмет пен татулықты концерттер мен конференциялар қалыптастырмайтынын да уақыт көрсетті. Бір жолы - ашық әңгіме, диалог, елемеуге тырысқанмен, бейнелеп айтқанда «еңгезердей» жаңа факторлар. Қала тұрғыны Берікбол Валиханов облыстың қоғамдық кеңесінің құрамын өзгертуді ұсынған. Оның сөзінше, қоғамдық кеңес тек ақсақалдардан тұрады. Қариялар өз ережелерін қояды, ұйымдарға белсенді жастардың импульсі жетпейді, деген азамат Валиханов.

Ал Қордайдағы оқиға бойынша Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, жүздеген адам тергелген. Сараптамалар жүріп жатыр. Барлық процессуалды дәлелдер жиналғасын, кінәлі адамдар жауапқа тартылады, деген Қожаев, сәрсенбіде, Парламент Мәжілісінің ғимаратында. «Қозғалған қылмыстық іс көп. Күн сайын артып отыр. Кісі өлімі бойынша бар, жаппай тәртіпсіздіктер бойынша бар. Ұрлық, қарақшылық бойынша бар. Әр түрлі эпизод – қазір 90 қылмыстық іс», деген министрдің бірінші орынбасары. Тергеудің қашан аяқталатынын айтпаған. Заң бойынша берілетін 2 ай жетпесе, заңға сәйкес ұзартылатынын жеткізген. Қордай бойынша ресми ақпарат осындай.

Кәдімгі тіршіліктің бұрынғыдай болмайтыны анық. Қалай болатыны «бұл оқиға біз үшін масқара» деген шенеуніктерге де қатысты. Мүмкін тіпті тікелей...


Хабарламаларға жазылу