10 мың теңге алып, 100 мың теңге айыппұл төлейді. Павлодарда полиция майоры алаяқтығы үшін жазаға кесілді. Ол жол апатына ұшыраған КамАЗ көлігінің жүргізушісін 10 мың теңге бер деп бопсалаған.
Негізінен, осы жол апатында зардап шеккен азамат арыз жазудан бас тартқандықтан, іс жабылған. Алайда полицияның Солтүстік әкімшілік бөлімі басшысының міндетін атқарып жүрген Ринат Әйтікенов жүк көлігінің жүргізушісіне жалған ақпар берген. Ұялы телефонға 10 мың теңге салып бермесең, істі сотқа жіберемін деп қорқытқан.
Болат Аманбаев