Сыр өңірінде сапасыз қызмет көрсетіп келген үш жеке клиниканың жұмысы тоқтатылды. Оларды тексеру кезінде арнайы лицензиясының жоқтығы да әшкере болған. Қазір үш орталық та сот шешімімен жабылды.
Жалпы, өткен жылы медициналық ұйымдардың қызметіне қатысты тұрғындардан 169 арыз-шағым түскен. Соның негізінде тексеру жүргізген мамандар түрлі кемшіліктерді анықтаған. Талапқа сай емес емдеу орындарының қатарында мемлекеттік емханалар мен ауруханалар да бар.
Әділбек Серікұлы