Планетаның ең қарт тұрғыны жапондық Ватанабе Читецу 23 ақпанда 112 жасында дүние салды деп хабарлайды Киодо агенттігі.
Ол Ниигата префектурасындағы қарттар үйінде қайтыс болды. Ол 12 ақпанда Гиннестің рекордтар кітабына жердің ең көне тұрғыны ретінде енген еді.
Ватанабе 1907 жылы 5 наурызда шаруа отбасында дүниеге келді. 20 жасында Тайваньға көшіп кетті. Тайваньда 18 жыл өмір сүріп, Жапонияға оралған.
Айта кетейік, 2019 жылы 20 қаңтарына дейін 113 жасында қайтыс болған Хоккайдо тұрғыны Масазо Нонака әлемдегі ең қарт адам болып саналды.