Ақ үй әкімшілігі мәлімдемесіне сәйкес, Дональд Трамп жаңа коронавируспен күресу үшін АҚШ Конгрессінен қосымша 2,5 миллиард доллар сұрады.
«Бүгінгі таңда әкімшілік вакцинаға қарсы күресті жеделдету, дайындық пен реакцияны қолдау, қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алу үшін Конгресске қосымша 2,5 миллиард доллар қаржы жоспарын жіберуде», - деп хабарлады Рейтер агенттігі.
Трамптың өзі АҚШ-тағы коронавирусқа қатысты жағдай бақылауда екенін айтты: «Коронавирус АҚШ-та бақылауда. Біз осыған байланысты барлық елдермен байланыстамыз», - деп жазды Твиттерде.
24 ақпандағы жағдай бойынша АҚШ-та 14 адамнан вирус анықталған. Барлығы 425 американдық коронавирусқа тексерілді.