«Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасы қоғамдық талқылау жалғасып жатыр. Бүгін, Елордада өткен жиында митингіге шығатын азаматтардың құқығы мен міндеті және жауапкершілігі түсіндірілді. Мәселен, ата-ананың кәмелетке толмаған баласын шеруге ертіп келуіне тыйым салынған. Бұл – біріншіден бала өміріне қауіпті-дейді, сарапшылар. Заңды шеру не пикеттер арнайы белгіленген аумақта өтуі шарт. Сонымен қоса, көшеге шыққан азаматтардың заңды қатаң сақтауы және шеруге шығу мәдениетін қалыптастыру керек-дегін, пікір айтылды.
Ғабит БӨКЕНБАЙ