Сондай-ақ Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, журналист Михаил Дорофеевті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев, телевизиядағы сапалы контентті дамыту, жалпы медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен осы салаға қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Ал тәжірибелі журналист Қылмыстық Кодекстің жала жабу туралы 130-бабын қылмыстық деп танымау жөніндегі Президент шешімін медиа-қауымдастық қуана қабылдағанын жеткізді.
Альбина ӘШІМ