Қазақстан мен Өзбекстан аймақаралық ынтымақтастық форумында 52 келісімге қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан аймақаралық ынтымақтастық форумында 52 келісімге қол қойылды

26.02.2020

Қазақстан мен Өзбекстан аймақаралық ынтымақтастық форумында құны 500 миллион доллар болатын 52 келісім бекіді. Үргенч қаласында өткен форумға Үкімет басшысы Асқар Мамин қатысты. Ол өзінің Өзбекстандық әріптесі Абдулла Ариповпен арадағы алыс-берісті кеңіте түсуге уағдаласты. Алдағы уақытта, Шымкентте жеңіл өнеркәсіптің қазақ-өзбек кластерін құрылады. Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хорезм облыстарындағы туристік орындарға бірлескен туристік маршрут ашылмақ. Үкімет басшысы екі елдің транзит, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық әлеуетіне ерекше назар аударды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу