Елорда іргесіндегі бес ауыл тұрғындарының қатынасы машақат. Автобусқа сыймай қалу жолаушылар үшін қалыпты жағдайға айналған. Ал қолайсыз ауа райында қоғамдық көлік тіптен болмайды. Халық амалсыз такси ұстауларына тура келеді. Бірақ сол көлікке отырамын дегенше қауіп пен қиындықты еңсерулері керек.
Бірақ бәрі-бір қиналатын халық. Автобусқа сыймаған жұрт такси ұстауға мәжбүр. Аязды күні қолды-аяққа тұра алмайды. Сондықтан қала іргесінен қатынайтын халық қолайлы жағдай жасалса дейді.
Арнайы такси арзан болса бір сәрі. Халықтың қалтасына салмақ. Сондықтан бес ауылдың тұрғындары үшін, әзірге тапқан-тайанғандарымен «тар жол тайғақ кешіп» жүрулеріне тура келеді.
Нысаналы ЫҒЫЛ