Сондай-ақ Премьер-министр Асқар Мамин Қашаған кен орнында биыл салынатын ілеспе газ өңдеу зауытының жобасымен танысты. Үкімет басшысының айтуынша, жаңа құрылыс - еліміз үшін маңызды жобалардың бірі. Өйткені зауыт мұнай өндіруді 12 миллион тоннаға арттырып, 3000-нан астам жаңа жұмыс орнын ұсынады. Құзырлы орган өкілдері зауытты қаржыландыру мәселесі, газ теңгерімі жайлы баяндап, өнімді ішкі сыртқы нарыққа шығару жоспарымен бөлісті. Жобаның қуаттылығы 1 миллиард текше метр. Инвестиция көлемі 860 миллион доллар. Зауыт құрылысы 2021 жылы аяқталады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ