Қызылордада 4 ер адам сүт безі қатерлі ісігіне шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 4 ер адам сүт безі қатерлі ісігіне шалдықты

27.02.2020

Қызылордада 4 ер адам сүт безі қатерлі ісігіне шалдықты. Науқастарға операция жасалды. Одан кейін тиісті ем жүргізілді. Қазір жағдайлары бір қалыпты. Бірақ онкологтар дабыл қаға бастады. Бұл нақты тіркелген жағдай. Ал тіркелмейтіні қанша...  

Көпшілік сүт безі қатерлі ісігі тек әйелдерге тән деп ойлайды. Рас, статистика бойынша, сүт безі ісігі әйелдерде жиі кездеседі. Жылына 4 мыңға жуық әйел қатерлі дертке шалдығады. Ал еркектерде ол жүздің бірінен ғана анықталады. Және 60-тан асқан азаматтар қауіпті дерттің құрығына ілінеді.

   Ер азаматтардың сүт безі қатерлі ісігі шет елдерде өршіп тұр. АҚШ-та жылына 2 мың, Ұлыбританияда-250, Германияда-400, Ресейде-500 адам қауіпті дертке шалдығады. Соның жартысынан астамы ауруды жеңе алмай, көз жұмады.

 Кеуде обыры белгі бермейді. Сондықтан оны өткізіп алу қаупі жоғары. Неғұрлым ерте келсе, соғұрлым емделіп, айығу мүмкіндігі бар.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу