Қоғамдық келісімді қайта жандандыру пікірталас клубының отырысында осы мәселе қаузалды. Өзекті проблемалар, жүргізіліп жатқан реформалардың бағыты, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тақырыптары осы отырыста кеңінен талқыға салынды. Қазіргі қоғамның кез келген мүшесі мәселесін биліктегілерге еркін жеткізе алатындай жағдай жасау керек. Сонда ғана әлеуметтік, экономикалық тіпті, тұтас қоғамның проблемалары еркін шешіледі деді ұлттық сенім кеңесінің мүшелері.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ