Биыл 250-ден аса тұрғыны бар елді мекендер жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 250-ден аса тұрғыны бар елді мекендер жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтылады

28.02.2020

Жыл соңына дейін 250-ден аса тұрғыны бар елді мекендердің барлығы жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтылады. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев осылай деді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйені және адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Қалаларды цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар да айтылды. Кездесу соңында Президент министрге бірқатар тапсырма жүктеді. 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу