Сириядағы қақтығыс түрік лирасын бір түнде 4 пайызға арзандатып жіберді. Экономистер әскери іс-қимылдардың қаржы нарығына кері әсер етуі заңды дейді. Кикілжіңге қатысы бар ресей рубьлі де 2,5 пайызға арзандады. Рубльдің әлсіреуі теңге бағамына да әсер етуі ықтимал. Алайда, мамандар Сирия мен Түркия билігі алдағы уақытта келіссөзге отырып, мәселені бейбіт жолмен шешеді деп сенеді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ