Президент коронавирусқа қатысты жан-жақты шаралар қабылдауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент коронавирусқа қатысты жан-жақты шаралар қабылдауды тапсырды

01.03.2020

Еліміздің СІМ Оңтүстік Кореяда 35 мың азаматтарымыздың барын, оның 12 мыңы заңсыз жүргенін хабарлады. Консулдық есепте бар жоғы 848 адам тұр. Ресми өкілі А.Смадияров: «Көп азаматтардың санасыздығы өздеріне кесірін тигізеді. Егер эвакуация болса, біз оларды қайдан іздейміз, білмейміз», деді. Ал коронавирусты Оңтүстік Кореяда 1267  адам жұқтырған, 11 адам көз жұмған. Әлем бойынша вирус жұқтырғандар Қытайдан кейін осы елде көп.

Біздің тілшілер ахуал туралы сұрап, Оңтүстік Кореяда тұратын Құлпынай есімді блогермен хабарласқан, мынадай бейнежазба алдық:

Жалпы, сарапшылар коронавирустың жылдам тарап жатқанына назар аударғанымен, ДДСҰ әлемдік пандемия деп жарияламай отыр. Қазір әлемнің елуге жуық елінде тіркелген. Сонымен бірге барлық елдегі ақпарат ашық емес:

Иран денсаулық сақтау министрлігінің Құм қаласындағы жағдай туралы дерегін жергілікті депутат Ахмад Амирабади-Фарахани жоққа шығарған. Депутат қалада соңғы екі аптада коронавирустан 50 адам көз жұмғанын айтқан.

Иранның отбасы және әйелдер жөніндегі вице-президенті Масуме Эбтекар да жұқтырған, ал бұл елдің Ватикан мен Египетте елшісі болған Хади Хосроушахи осы вирустан көз жұмды, деп жазды РБК сайты.

 «Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды», -деп жазды твиттердегі парағында жұма таңертең Президент.


Хабарламаларға жазылу