Соғыс аяқталды: АҚШ тәліптермен бейбітшілік келісімшартына қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соғыс аяқталды: АҚШ тәліптермен бейбітшілік келісімшартына қол қойды

02.03.2020
Соғыс аяқталды: АҚШ тәліптермен бейбітшілік келісімшартына қол қойды

Катар астанасы Дохада АҚШ тәліптермен бейбітшілік келісімшартына қол қойды. Келісімшарт АҚШ пен тәліптер арасындағы 19 жылдық қырғи қабақ соғыстан кейін жасалып отыр. Оған  Американың Ауғаныстандағы арнай өкілі Залмай Халилзад пен «Талибан» қозғалысы көшбасшысының орынбасары Абдулла Гани Барадар қол қойды. 

Reuters-тің хабарлауынша, Америка әскері 14 айдың ішінде Ауғанстаннан шығарылатын болады. 

Сондай-ақ, Америка тарапы Ауғанстанның БҰҰ-мен келісім жасауына ара ағайындық жасауы керек. 

Бұдан бөлек АҚШ 135 күн ішінде Ауғанстандағы әскер санын 8 600-ге дейін қысқартатынын айтты. 

Еске сала кетейік, келісім 2018 жылдың маусым айынан бастап қолға алынды. Өткен жылдың күзінде бір тоқтамға келгендей-ақ еді. Бірақ АҚШ әскериі өлтірілген терактыны «Талибан» өз мойынына алғаннан кейін түсініспеушіліктер қайта пайда болды. Алайда келісімшартқа қол қойылуы арадағы тоңның жібігенін көрсетсе керек. 

Айта кетейік, құжатта қос тараптың ізігілікке негізделген қарым-қатынасқа ұмтылатыны баса айтылған. 

Хабарламаларға жазылу