Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің кезекті туры өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің кезекті туры өтуі мүмкін

02.03.2020

Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің кезекті жиыны наурыз айында өтеді деп жоспарланған. Бұған дейін Иран, Ресей және Түркия бірлескен мәлімдеме жасаған. Бір қызығы, Қазақстан коронавирустың тарауына байланысты Иран азаматтарының біздің елге келуіне уақытша тыйым салған еді. Айтулы халықаралық шараға Иран өкілдері келетіні айтылуда. Дегенмен, Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, қызметтік дипломатиялық паспорты бар шетел азаматтарына және ресми делегация мүшелеріне рұқсат берілетін ереже жоқ емес, бар. Сирия мәселесі бойынша Астана процесі наурыздың нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз.

Ербол МӘНДІБЕК  


Хабарламаларға жазылу