АҚШ-тың Ричмонд қаласындағы көппәтерлі үйлердің біріне аралар омарта салған.
Үй иесі зиянкестермен күрес компаниясына ауа желдеткіштер арқылы ара кіріп кететінін айтып, шағымданған. Ал бұрын бұл пәтерде ешкім тұрмағандықтан, араның бар-жоғы байқалмаған.
Мамандар тексере келе, пәтердің төбесінен ұзындығы 2,5 метр болатын омарта тапты. Олардың айтуынша, аралар шамаман 2 жыл бұрын ұя салған. 45 келі бал жиналған.
Lenta.ru