Данияр Ақышев: Теңге бағамында өзгеріс болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияр Ақышев: Теңге бағамында өзгеріс болмайды

26.09.2017

Теңге бағамында өзгеріс болмайды. Ұлттық валюта құнсыздануы мүмкін деген ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Оның айтуынша, тіпті доллар сатып алып, одан табыс көремін деп жүргендер ертең ұтылуы мүмкін. «Сол себепті, ұлттық валюта теңге үшін халықтың алаңдауына еш негіз жоқ», - деді Данияр Ақышев.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу