«Қазақстан темiр жолы» желілері 1,3 миллиард теңгені жымқырған. Бұл туралы экономикалық тергеулер департаменті хабарлады. Қаржы пойыздардың қозғалысын реттейін микропроцес жүйесін модернизациялауға бөлінген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филармониясында анықталған жемқорлық фактісі бойынша да қосымша ақпарат берілді. Мекемеге өмірде жоқ 140-қа жуық адам тіркелгені анықталып отыр. Қаржы жымқырудың тағы бір тәсілі: филармония кассасына концерттерді өткізгені үшін ақша түсіп тұрған. Ал жалға алынған алаңдар сол филармонияның өзіне тиесілі. Бухгалтерлер банкке ол қаржыны жөнелтпей, кассаға жалған кіріс ордерлерін тіркеп келген.
Альбина ӘШІМ