Ресейлік студент джекпоттан ұтып алған 44 869 136 теңгені көршісімен бөлісе алмаған. Осының кесірінен ол медициналық көмекке жүгінген.
Полиция мәліметтеріне сәйкес, 21 жастағы Иван Кузнецов жатақханада бөлмелес досымен бірге тұрады. Ол досының банк картасын онлайн ойындарға пайдаланған. Көршісі Глеб қаннен-қаперсіз банк карталарын бөлмеге қалдырып кететін болған.
Ұтысқа ие болған соң Иван жақсы жаңалығын досымен бөліскен. Бірақ жаңалықты естіген Глеб қуанышқа бөлене қоймады. Көршілердің тартысының соңы Глеб Иваннның басынан бөтелкенмен бір қоюымен аяқталған.
Дәрігерлер Иванға жедел медициналық көмек көрсетіп, хирургиялық операция барысында 8 тігіс салған.
Газета.ru