Жұқпалы инфекциядан сақтанудың ұтымды жолдары қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұқпалы инфекциядан сақтанудың ұтымды жолдары қандай?

04.03.2020

Қазақы салт-дәстүрді бұлжытпай орындасаң, кез келген вирус қауіп төндіре алмайды. Белгілі дәрігер Ерік Байжүнісов Ұлттық арнаға жұқпалы инфекциядан сақтанудың ұтымды жолдарын айтып берді. Кез келген тез жұғатын дертке әуелі балалар мен созылмалы ауруы бар қарттар шалдығады. Сол себепті оларды халық көп жиналатын жерге жібермеу керек. Бұған қоса 200-500 адам жиналатын тойларды да шектеу керек. Қазаққа той жасама дей алмайсың. Дегенмен тазалық шараларын қатаң сақтаған жөн. Ерік Байжүнісовтің сөзінше, көп адамдар кездескенде қол алысып, төс қағысып, құшақтасып, бір-бірінің беттерінен сүйіп жатады. Шама келсе, азаматтар осы әдеттен де арыла тұрғандары абзал. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу